Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы 1 айға ұзартылды
Алматы, NEGE. Ұлттық музейдің бұрынғы басшысы былтыр 29 мамырда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынған еді.
"2023 жылғы 17 қаңтарда Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы А.-ға қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - деді елорда сотының баспасөз қызметі.