Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

ҚР Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы тағы бір ай қамауда болады, деп хабарлайды  Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «2022 жылғы 18 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты», - делінген қалалық соттың хабарламасында.

Еске салсақ, биыл 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.