«Арыстанбек Мұхамедиұлы екі айға қамалды»

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты бұрынғы министр Арыстанбек (Әлиев) Мұхамедиұлын екі айға қамауға алуға санкция берді. Бұл туралы журналист М.Козачков

телеграм-каналында жазды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты бұрынғы министр Арыстанбек (Әлиев) Мұхамедиұлын екі айға қамауға алуға санкция берді. Сот оның қорғаушыларының кепілмен босату туралы өтінішін қанағаттандырмады.

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, қазір Ұлттық музейді басқаратын А.Мұхамедиұлы «халықаралық көрмеге бөлінген қаржыдан 140 млн теңге жымқырды» деп айыпталды.

Ұлттық музейдің баспасөз хатшысы А.Қырықбай мұны әдеттегіше жоққа шығарған. Алайда көп уақыт өтпей Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі А.Мұхамедиұлының екі айға қамалғанын растады.