Арыстанбек Мұхамедиұлына спорт мектебін заңсыз жолмен жекешелендірмек болды деген айып тағылды

Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына рейдерлік жолмен бюджет қаражатын ұрлады деген айып тағылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеуқанов.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты 221 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру эпизоды бойынша сот үкімі шықты. Қазіргі уақытта бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру және жоғары спорт шеберлігі мектебін заңсыз жекешелендіру бойынша қосымша эпизодтар бар. Келесі эпизод – «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен басып алу және пара беру әрекеті. Бұл істердің барлығы қазір сотта қаралып жатыр», - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Арман Тілеуқанов.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды