«Арыстан» мамандандырылған лицейінде мерекелік іс-шаралар өтті
2021 жылдың 11 маусымында «Арыстан» мамандандырылған лицейінде лицеистердің тоғызыншы жыл мектеп бітіруіне арналған мерекелік іс-шаралар өтті. «Арыстан» – 2011 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қоғамдық қорының қамқорлығымен құрылған қазіргі заманауи білім беру кешені.
Алматы, NEGE. Бұл күн – арыстандықтардың оқу жетістіктеріне, спорттық жетістіктерге, әскери дайындық саласындағы табыстарға толы 3 жылды артқа тастап жеткен күн. «Арыстан» мерейтойы мерекесінің құрметті қонақтарының қатарында: Лицейдің Қамқоршылар кеңесінің төрағасы Т.А.Кулибаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал – лейтенант Р. Ф. Жақсылықов, ҚР ҚК Құрлық әскерлері Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қ. А. Әбубәкіров, «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қорының» өкілдері және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері бар.
Салтанатты шара түлектерді плацта тұрғызудан және оқу орнының ар-намысын, даңқын, дәстүрін және өзін-өзі қамтамасыз етуін, оның әскери дайындық бойынша бейіндік бағытын білдіретін Лицей туын әкелуден басталды. Бұл әр лицеистке және қызметкерге оның міндеті, жауапкершілігі және лицейдің мұраттары мен мүдделеріне адалдығы туралы ескерту.
Лицей бастығы, генерал-майор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор С. С. Тауланов түлектерді құттықтап, оқу жылын қорытындылады, әрі лицеистердің 3 жыл мерзім ішінде «Арыстанның» қоғамдық өміріне белсенді қатысқандығы туралы сөз сөйледі.
Содан кейін аттестаттар мен төсбелгілерді тапсыру туралы бұйрық жарияланды. «Арыстан» мамандандырылған лицейі бастығының «2021 жылғы лицеистердің оқу бітіруі, түлектердің аттестаттары мен төсбелгілерін тапсыру туралы» бұйрығын жеткізу үшін сөз Лицей бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары запастағы полковник В. А. Райхельге берілді.
Аттестаттарды тапсыру рәсіміне құрметті қонақтар белсенді қатысты. Оқуда үздік нәтиже көрсеткен лицеистер бірінші болып мектепті бітіргені туралы аттестат алды. Оқудағы жоғары көрсеткіштерін растаған және «Алтын белгі» атағын алған лицеистер арасында: Н. Абдукахаров, Н. Совет, Ж. Сұлтанәлі, О. Қанағат, Д. Мырзахан, А. Байкен, Р. Рысбек.
2016 жылдан бастап 11-сынып лицеистері арасында жыл сайын «Жылдың үздік лицеисі» атағын алуға байқау өткізіледі. Бұл атаққа ең озат, шығармашыл және белсенді түлектер ие болады.
«Арыстан» мамандандырылған лицейі бастығының «2020-2021 оқу жылының үздік лицеисі» байқауының қорытындысы туралы бұйрығын жеткізу үшін лицей бастығының оқу ісі жөніндегі орынбасары запастағы полковник С. В. Щепинге сөз берілді. 2020-2021 оқу жылының үздік лицеисі болып мектеп бітіруші түлек А.Байкен марапатталды.
Салтанатты шара Лицейдің Туын 11-сынып лицеистері 10-сынып шәкірттеріне беру рәсімімен жалғасты. Бұл рәсім тәлімгерлік дәстүр бойынша «Арыстан» мамандандырылған лицейінде аға буын кіші буынға тәлімгер болып, ұрпақтар арасындағы сабақтастдығын білдіреді. Рәсім аяқталғаннан кейін түлектер Лицей Туымен қоштасады. Лицей Туымен қоштасу рәсімі «Артынан теңге лақтыру» дәстүрімен жалғасады. Үш жыл бойы оқыған оқу мекемесі Туының артынан монеталарды (теңге) лақтыру – байлық пен игіліктің нышаны. Содан кейін плацта «Арыстан» мамандандырылған Лицейінің Әнұраны салтанатты түрде орындалады. Бұл Әнұран Лицей қабырғасында жазылып, бірліктің символына, мақтаныш пен патриотизмнің бейнесіне айналды.
2021 жылы Лицейдің Қамқоршылар кеңесі және Түлектер Қауымдастығы Лицей түлектерін имиджі мен корпоротивтік мәдениетін қалыптастыру, түлектердің қарым-қатынасы үшін жағдай жасау, олардың Қарулы күштер қатарында кәсіби өсуіне және одан әрі қызмет етуіне жәрдемдесу мақсатында материалдық көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік қолдау туралы шешім қабылдады. Плацта Түлектер Қауымдастығының жұмысы аясында үздік деп танылған 18 түлек-офицерлер марапатталды.
Алғашқы арыстандықтар «Арыстан» лицейінің Түлектер аллеясы» дәстүрін салды. Жоба ағаш отырғызуды және ізгі тілектерімен капсула салуды қамтиды. 2021 жылғы түлектер туған оқу орнына алғыс сөз сөйлеп, 2031 жылғы түлектер ұрпағына тілек білдірді, «Уақыт капсуласын» көрсетті.
Лицейде өткен үш жыл ішінде түлектер өздерінің мұғалімдері мен командирлерінің үмітін ақтай алатын ақылды, спорт, шығармашылдық тарапынан дарынды екендігін бірнеше мәрте дәлелдеді. «Арыстан» лицейі – бұл үлкен біртұтас отбасы, мықты және тату команда. Осының дәлелі ретінде плацта Лицей қызметкерлері ұжымының орындауында "Біздің жастар командасы" композициясы орындалды. Соңында педагогтардың зор еңбегі үшін өздерінің шексіз, риясыз алғысы ретінде лицеистер гүл шоқтарын сыйлады.
Жыл сайын Лицеистер «Қоштасу вальсін» орындайды. Бұл биді хореографиялық училищенің оқушыларымен орындауға мүмкіндік болмаған жағдайға қарамастан, түлектер дәстүрге адал болып, плацта өздерінің мұғалімдерімен әсем вальсті орындады.
Мектеп бітіру сәті - бұл қуанышты және сонымен бірге сәл мұңлы күн. Әрине, сүйікті оқу ордасы, білім ошағы – Лицеймен қоштасу өкінішті. Қоштасу сөздерінің орнына барлық түлектер Лицейде қалыптасқан дәстүр бойынша «Қош бол, Лицей!» әнін орындады.