«Арыстан» лицейінде қоғамдық бірлестіктің отырысы өтті

Жуырда «Арыстан» мамандандырылған лицейі түлектерінің қауымдастығы» Қоғамдық бірлестігінің кезекті отырысы өтті. Кездесудің күн тәртібі «Курсанттарды оқу мен тәртіпте, сондай-ақ бітіруші офицерлердің қызметтегі үлгілілік мәселелері бойынша 2013-2021 жж. Қауымдастық жұмысының нәтижелері мен міндеттері» тақырыбына арналды.

Алматы, NEGE. Кездесуге қатысу үшін әскери күш құрылымдарының оқу орындарында қызмет ететін және оқитын офицерлер мен курсанттар, лицей түлектері шақырылды. Қалған магистранттар мен курсанттар онлайн режимінде кездесуге қатысты. Барлығы Қазақстан Республикасында оқитын немесе қызмет ететін, сондай -ақ алыс және жақын шетелдерде оқитын 300 -ден астам түлек қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – қызмет пен оқу барысы, бітірушілердің маңызды  мәселелері туралы ақпарат алмасу, сонымен қатар түлектер мен лицейдің өзара тиімді ынтымақтастығына мүмкіндік беру, оқу бітіргеннен кейін де түлектердің әрі қарайғы кәсіби қызметіне қолдау көрсету.

Кездесу барысында курсанттар мен офицерлер сөз сөйледі, олар конференция қатысушыларына күн тәртібіндегі ең өзекті мәселелер туралы хабарлады. Курсанттар Шамғанов Әділ, Садетов Әділхан және Нұғманов Әнуар мұғалімдер мен офицерлерге – ұстаздарына қазіргі білім алуына көмек беріп,  жақсы білім мен дағдыларды бойларына  сіңіргені үшін ризашылығын білдірді. Аға лейтенант А.Даркулов өзара көмек пен қолдауды жүзеге асыру үшін әр жылдардағы түлектер арасындағы байланыстарды сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Полиция аға лейтенанты Ш.Тайырбеков өзін мысалға келтіре отырып, жақсы оқу мен тәртіптің үлкен нәтижеге қол жеткізетінін айтты.

 

Қауымдастық кураторы подполковник А.А. Иванов пен запастағы полковник А.Н. Әубәкіровтің лицей түлектерінің оқу орындарындағы оқу мен тәртіп жағдайы туралы және әскери қызметі туралы, сондай-ақ Қауымдастық аясындағы жұмыстар жайлы баяндамалары тыңдалды.

Лицей бастығы, запастағы генерал-майор С.С.Тауланов  өз сөзінде «Арыстан» түлегінің ең үлгілі курсант және офицер ретіндегі имиджін сақтау үшін оқу мен қызметке жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, онлайн-отырысқа Үйлестіру кеңесінің мүшелері, педагог- психологтар, бөлімше командирлері, 10 және 11 сынып лицей оқушылары қатысты.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады