Арыста цистерна ішінен снаряд табылған

Редакциямызға жеткен шұғыл ақпаратқа қарағанда, Түркістан облысының Арыс станциясындағы депода снаряд табылған.

Алматы, NEGE. «Бүгін таңғы сағат 9:40 шамасында депода жөндеу кезінде бос цистернаның ішінен снаряд табылды. Цистерна РТС Холдингке тиесілі. 

Оқиға орнына құзыретті органдар шақырылды», – делінген шұғыл хабарламада.

Әзірге снарядтың цистерна ішіне қалай түскені белгісіз.