Арыс тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді

Арыс қаласының Наурыз ауданынан 1700 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Алматы, NEGE. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, 6 тамыз күні сағат 16:25 минутта Арыс қаласының «Арыс» теміржол вокзалында жүк пойызының контейнерінен өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

2 контейнерде 54 ыдысқа тиелген «сары фосфор» болған. Аталған пойыз Жамбыл облысынан Ресейге бет алған.

Өрт шыққан вагондар «Қазақстан Темір Жолы» АҚ күшімен пойыздан ажыратылып, қауіпсіз жерге қойылды.

Сағат 17.50-де оқиға орнында жедел штаб құрылды. Жергілікті әкімдік тарапынан «Наурыз» мөлтекауданынан 1700 адам эвакуацияланды.

Оның ішінде 1050 адам туыстарының үйіне жайғасса, 650 адам уақытша ашылған 4 эвакуациялық пунктке орналастырылды.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін