Қысқы Универсиада: Арина Крюкова қола медаль жеңіп алды

Италияның Турин қаласында өтуде XXXII қысқы Универсиада ойындарында Арина Крюкова биатлоннан 7,5 шақырым қашықтықтағы спринт сайысында үшінші орынға ие болды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Осы жеңісімен ол Қазақстан құрамасының қоржынына оныншы медальді салды. Арина — Қазақ спорт және туризм академиясының студенті.

Айта кетейік, 2017 жылы Алматыда өткен қысқы Универсиадада әйелдер арасындағы спринтте Галина Вишневская мен Алина Райкова чемпион атанған болатын.

Бүгін сондай-ақ Қазақстандық спортшы Никита Акимов биатлоннан 10 шақырымдық спринтте алтын медаль жеңіп алды.

18 қаңтарға дейін Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде екі алтын, төрт күміс, екі қоламен екінші орында тұрған еді. Ел құрамасының медаль қоржынына қос алтынды фристайлшы Анастасия Городко салды.

Қазір оқып жатыр

«Күнде олардың даусын еститінмін»: көршісі елордада үш бала мерт болған өрттің мән-жайын айтты

Мамырда Қазақстан халқы қанша күн демалады?

Яна Легкодимованың қазасы: сотталғандарды этаптау үшін арнайы күзет сұратылған

Бітіру кешіне қаржы жинауға қатаң тыйым салынады – Оғу-ағарту министрлігі