Арина Ильященко жасөспірімдер арасындағы конькимен жүгіруден күміс медаль иеленді

Қазақстандық Арина Ильященко конькимен жүгіруден Польшаның Томашув-Мазовецк қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы 500 метр қашықтықты 41.30 секундта жүгіріп өтіп, екінші нәтижені көрсетті.

Бірінші орын 40.16 нәтижесін көрсеткен италиялық Джорджия Айелоға бұйырды. Үшінші орынды 41.37 уақытымен неміс спортшысы Марлин Эхселунс алды.

Айта кетейік, бұған дейін Ильященко әйелдер құрамасында әлем кубогында қола медаль ұтып алған еді.

Қазір оқып жатыр

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді

Қызметкерін зорлады деп айыпталған Әмір Шайкежанов 5 жылға сотталды