Арықтаған Ким Чен Ыннің фотосуреті тарады
Корей Халық Демократиялық Республикасының басшысы ел алдына шығып, Корей Еңбек партиясын қабылдаған. Алайда журналистер президенттің арықтағанына назар аударды.
Алматы, NEGE. Корей Орталық телеграф агенттігі отырыс кезінде түсірілген фотосуреттерді жариялаған. Мұнда Еңбек партиясының өкілдері партия саясаты мен даму стратегиясын талқылаған.
Пайда болған кадрлардан Корей басшысының айтарлықтай арықтағанын байқауға болады.
Айта кетейік, бұған дейін Корей елінде халыққа көп тамақ жеуге тыйым салынған. Үкімет мұны Қытаймен арадағы шекара жабылғаннан кейін орын алған дағдарыспен байланыстырды.