Арғын Нығматулиннің үстінен қандай бап бойынша іс қозғалғаны белгілі болды

Прокуратура органдарының бастама жасауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі іздеу жариялаған Арғын Нығматулиннің үстінен қандай бап бойынша іс қозғалғаны мәлім болды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «ҚР Бас прокуратурасы А.Нығматулинге және басқа да күдікті тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 4-бөлігі 2-тармағы бойынша тергеу жүргізіп жатыр», – делінген хабарламада.

Бұл бап бойынша, жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бірер күн бұрын Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланған болатын.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды

«Егеуқұйрық уы анықталды» делінген балалар тағамы Қазақстанда сатыла ма?

Әскери борышты өтеуді қандай жағдайда кейінге қалдыруға болады?