Арғын Нығматулиннің Қазақстаннан тергеу басталғанға дейін кеткені белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев күдікке ілінген Арғын Нығматулинді іздеу жұмыстарына қатысты түсінік берді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Тергеу басталғанға дейін оның Қазақстанда болмағанын білеміз. Ол Қазақстанда жоқ. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - деді Дархан Құрақбаев.

3 наурызда белгілі болғандай еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялаған болатын. 

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Бас прокуратурасы А.Нығматулинге және басқа да күдікті тұлғаларға қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) 4-бөлігі 2-тармағы бойынша тергеу жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді