Арғын Нығматулинді іздеумен Антикор айналысып жатыр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше Арғын Нығматулинді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Қылмыстық-процестік кодекстің 186-бабы тәртібінде 7 желтоқсанда іс Бас прокуратураның өндірісіне берілді. Осыған байланысты біз тергеу барысына қатысты түсініктеме бере алмаймыз. Бірақ Әкімшілік-процестік кодекстің 65-бабының 1-бөлігіне сәйкес, іздестіру біздің құзыретімізде екенін атап өткім келеді. Аталған тұлғаны іздеу бойынша жедел шараларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр, жұмыс жалғасып жатыр, өзге ақпаратты жариялай алмаймын», – деді Антикордың ресми өкілі Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, аталған жайтқа қатысты артық ақпарат іздеудегі тұлғаның одан әрі жасырынып жүруіне әсер етуі мүмкін.

Айта кетейік, 3 наурызда белгілі болғандай еліміздің прокуратура органдары бұрынғы Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жариялады.

Қазір оқып жатыр

Әлемде жанармай тапшылығына байланысты мыңдаған әуе рейсі тоқтатылып жатыр

Қазақстанда такси қызметіне қойылатын талап күшейтілді

Нұрлыбек Нәлібаев Роман Склярдың орнына премьер-министрдің бірінші орынбасары болды

8 мамырда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді