Аргентинада 2 пойыз соқтығысып, жүздеген адам зардап шекті

Аргентина астанасы Буэнос-Айрэсте жолаушылар пойызы локомотивпен соқтығысып, жүздеген адам жарақат алды, деп жазды 24.kz сайты.

Associated Press © 2024 , Rodrigo Abd

Алматы, NEGE. 90 адам емдеу мекемелеріне жеткізілді. 30 кісі ауыр халде. Оқиға орнында құтқару бригадасы жұмыс істеп жатыр. Ал Сан-Мартин бағытындағы пойыз қозғалысы тоқтатылды.

Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Мамандардың сөзінше, жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, қарсы тараптағы теміржол көлігіне барып соқтығысқан. Тергеу жүріп жатыр.