Аргентина футзалдан әлем чемпионатының финалына шықты

Футзалдан әлем чемпионатының финалында Бразилия және Аргентина құрамалары кездеседі, деп хабарлады ҚазАқпарат.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жартылай финалдың екінші жұбында Аргентина мен Франция ойнады. Ойын барысында франциялық ойыншылар азулы қарсыласына лайықты төтеп бере білді. Қос құрама 37-минутқа дейін екі-екі голдан соғып үлгерді.

Аргентиналық Клаудиньо соққан гол өз құрамасына жеңіс алып келді. Осылайша Аргентина құрамасы қарсыласын 3:2 есебімен тізе бүктіріп, финалға берілген екінші жолдамаға қол жеткізді.

Енді олар 6 қазанда финалда Бразилиямен ойнайды. Дәл сол күні 3-орын үшін Франция мен Украина кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы ширек финалда Аргентинаға жол берген еді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?