«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Мемлекеттік қызметкерден 10 млн теңге бопсалады деген айыппен 5 жылға сотталған журналист Арай Есенбектің мейрамханада жасырын түсірілген тың видеосы әлеуметтік желі арқылы тарады.

facebook.com/araj.esenbek.2025

Астана, NEGE. Facebook қолданушысы Оңғар Қабден жариялаған видеода мейрамханада отырған бірнеше адамның әңгімесі көрсетілген. Онда Жанна есімді әйел пакет ұсынып, «Ареке, давай дружить» деп күлімсірейді. Арай Есенбек оған «Сөмкеңе қайта салып қой» деп жауап қатқан. Қасында отырған тағы бір азамат Арайға қарата «Ананы сөмкеңе салып қоя салшы», «Арай, негатив болып кетті, иә, адамның жанын алдыңдар ғой» деген сөздер айтады.

Бұл бейнежазбаны жариялаған Оңғар Қабден журналист Арай Есенбектің ақша бопсалауға қатысы жоқ екенін айтып, оны негізсіз соттады деп санайтынын мәлімдеді.

«Шымкенттік журналист Арай Есенбек ешкімді бопсаламаған! Керісінше, әкімдік Арайдың аузын жабу үшін 10 миллион теңге апарған. Келісімге келу үшін. Мына видеода бәрі тайға таңба басқандай көрініп тұр. Ақшаны апарған сотта жәбірленуші болып танылған СПК қызметкері, сотта әкімнің штаттан тыс кеңесшісімін деген Ж.Б. Қасында әкімдіктің операторы М. деген жігіт болған. Мына видеоны қараңыздар да, осыдан-ақ білуге болады Арайдың жалған жаламен жазықсыз отырғанын», – деп жазды Қабден.

Сот ақпаратында 2025 жылдың қазан айында журналист әлеуметтік желілерде Шымкент әкімдігінің беделіне нұқсан келтіретін жазба жариялап, әкімдік өкілінен өзімен 10 млн теңгеге мемлекеттік сатып алу бойынша ақпараттық келісімшартты жасауды талап еткені; келіспеген жағдайда жағымсыз материалдар жариялайтынын мәлімдегені айтылады. Сол үшін ол 5 жылға сотталды.

Қазір оқып жатыр

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компаниядағы үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді