«Ардагерлер туралы» заң жауынгерлерге дем береді

«Ардагерлер туралы» заң еліне қалтқысыз қызмет еткен жауынгерлерге дем береді, деп хабарлайды «Хабар 24». Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл осылай дейді.

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда ғана осы заңға қол қойған еді. Енді ауған соғысы ардагерлері, бітімгерлік миссия орындауға жіберілген жауынгерлер, тыл еңбекккерлері де материалдық тұрғыдан тиісті деңгейде қамтамасыз етіледі. ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл: "Әлбетте, бұл жерде ауған соғысының ардагерлерінің өзіндік ұсынған бұрыннан бергі келіп түскен барлық өтініші қамтылмағаны белгілі. Бірақ Қазақстан Қарулы күштері, халықты әлеуметтік қорғау министрлігі барлығы да санаттарды сол мәртебеге лайықты деп мәлім етті. Сондықтан біз оны қолдауға тиістіміз деп ойлаймын" дейді.

Қазір оқып жатыр

1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгертілді

Павлодарда ер адам 125 млн теңгенің мүлкі үшін әйелін суға батырып жіберген

Танагөз Толқынқызы қазақ қоғамы туралы жазбасынан кейін полицияға шақыртылды

Александр Машкевичтің қыздары «Еуразиялық банктің» ірі қатысушысы мәртебесіне ие болды