Аралды құтқару қорына НЕГЕ Тәжікстан басшылық етеді?

Консультативтік кездесудің екінші күнінде Тәжікстан басшысы халықаралық Аралды құтқару қорының президенті болып сайланды.

Алматы, NEGE. Арал теңізінің әлемдік экологияға әсері бар. 1993 жылы теңізді қорғау мақсатында Орталық Азия басшыларының қатысуымен ортақ қор құрылған-ды. Ташкентте өтіп жатқан Орталық Азия мемлекет басшылары Консультативтік кездесуінде қорға жаңа басшы тағайындалды.

Шағын құрамдағы кездесу соңында Өзбекстан Республикасының президенті Орталық Азия елдерінің басшыларымен Тәжікстан басшысы Эмомоли Рахмоновты үш жыл мерзімге ХАҚҚ президенті етіп тағайындау туралы шешім қабылданғанын хабарлады.

«Осылайша төрағалық Түркіменстаннан Тәжікстанға өтеді. Біз оған қол қойдық», - деп атап өтті Өзбекстан Республикасының Президенті.

 

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты