Аралас жекпе-жек: Қаршыға Дәуітбек «Императорды» ауыр нокаутқа жіберді

Шымкентте аралас жекпе-жектен турнир өтті.

 Алматы, NEGE. Шымкентте аралас жекпе-жектен Alash Pride 84 турнирі өтті. Оның хедлайнері қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек (11-3) пен «Жас император» лақап атымен танымал ирандық Али Юсефи (12-9-1) болды, деп хабарлайды Sports.kz. 

Бұл жекпе-жек кештің басты айқасы болды. Жартылай жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын. Бірақ соңына дейін жетпей, бірінші раундта-ақ Қ.Дәуітбектің жеңісімен аяқталды: қазақстандық спортшы қарсыласының басына қатты соққы жасап, ауыр нокаутқа жебірді.

Осылайша, Қаршыға Дәуітбек кәсіби мансабында 12-інші жеңісіне қол жеткізді. Ал Әли Юсефи 10-ыншы рет жығылып отыр

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр