Аралас жекпе-жек: Азат Мақсұм жеңіліп көрмеген бразилиялықты жықты

Алматыда аралас жекпе-жектен өтіп жатқан Octagon 39 турнирінде басты айқаста Азат Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрицио Нуньес (8-0) кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.

Алматы, NEGE. А.Мақсұм жекпе-жекті белсенді бастап, бірінші раундтың соңына 10 секунд қалғанда қарсыласын буындыру әдісімен жеңді.

Айта кетсек, қазақстандық спортшы былтыр әлемнің белді промоушені – UFC-дегі дебюдті жекпе-жек өткізудің аз-ақ алдында тұрған еді. Алайда қолы сынып, Американың аталған ұйымымен келісімшартқа қол қоюды кейінге қалдыруға тура келді. Азат Мақсұмның командасы оның UFC-дегі алғашқы айқасы биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында өтуі мүмкін екендігін айтты.

Еске салайық, Алматыдаға Octagon 39 турнирінде бұған дейін қазақстандық Бауыржан Қалмұрзаев ресейлік файтер Константин Чередниченкомен (15-19) кездесіп, оны 20-секундта нокаутқа жіберді.

Сондай-ақ қазақстандық Жансерік Жақсығұлов та түрік Фатих Шентуркті (2-1) нокаунтпен жеңді. 

Қазақстанның тағы бір спортшысы – Әлішер Ғабдуллин әзербайжандық Серхан Валилимен (8-4) кездесті. Ғабдуллин қарсыласын буындыру әдісімен жеңді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды