Арал қаласының маңында тікұшақ құлады

Қызылорда облысында санитарлық авиация ұшағы құлады. Ан-2 ұшағы Арал қаласына 10 шақырым жетпей Алтын құдық тауық фермасы маңында апатқа ұшыраған, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы. NEGE. 2 экипаж мүшесі мен жедел жәрдем станциясының фельдшері әуе көлігінен дер кезінде шығып үлгерген. Содан кейін ұшақ жанып кеткен. Санавиация ұшағы Арал қаласынан қант диабетінің ауыр түрімен ауыратын 16 жастағы жасөспірімді облыс орталығына жеткізуі керек болған.

Оқиға орнына барған мамандар ұшақ апатына ауа-райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін деген болжам айтып отыр.