Арақтан қайтыс болғандар саны күрт көбейді

Иранның Хузистан, Элброс, Фарс және Мазендеран уәлаяттарында соңғы бір аптада жасанды ішімдіктен қаза тапқандар саны 81-ге жетті.

Алматы, NEGE. Иран ресми ақпарат агенттігіне мәлімет берген Төтенше көмек мекемесінің Фарс уәлаяты басшысы Мұхаммед Джевад Мурадиан 9 наурыздан бері жасанды ішімдік ішкен 103 адамның уланып, ауруханаға түскенін айтты.

Мурадиан 8 адамның қайтыс болғанын, қалғандары әлі ем алып жатқанын жеткізген. 

Иранның Хузистан уәлаятында 46, Элброста 15,  Мазендеран уәлаятында 12 адам қайтыс болған.

Қазір оқып жатыр

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?