Арабтар агроөнеркәсіпке инвестиция салуды жоспарлап отыр

Дубайда «AlQalam Qroup» компаниясының басқарма төрағасы Анис әл-Қаламмен кеңейтілген келіссөздер жүргізіліп, еліміздің агроөнеркәсіп кешенінде инвестициялық жобаларды іске асыру жолдары талқыланды. Бұл туралы Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі Мадияр Меңілбеков хабарлады.

Алматы, NEGE. Компанияның басшысы қазан айында Алматы және Жамбыл облыстарына сапармен барып, оның барысында мал шаруашылығы және жеміс-жидек дақылдарын өсіруге қатысты нақты жобаларға инвестиция салуды пысықтайтынын хабарлады. «Кездесуде Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың бағыттары туралы ақпарат бердім», – дейді елші.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті