Әр салмақ дәрежесінде еліміздің бірінші нөмірлі боксшылары анықталды

Астанадағы бокстан ерлер арасындағы Қазақстан спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана, NEGE. Бір аптаға жалғасқан бәсекеде отандық боксшылар 13 салмақ (46-48 келі, 51 келі, 54 келі, 57 келі, 60 келі, 63,5 келі, 67 келі, 71 келі, 75 келі, 80 келі, 86 келі, 92 келі, 92 келі) дәрежесінде өнер көрсетіп, өзара кім мықтыны анықтады.  

Турнир қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесінде еліміздің бірінші нөмірлі боксшылары анықталып, ұлттық құрама жаңадан жасақталады.

Спартакиадада топ жарған былғары қолғап шеберлері келесі жылға жоспарланған халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарына лицензия беретін турнирлерге қатысады.

Қазіргі таңда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасында Париж Олимпиадасының екі жолдамасы бар. Аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен қыздар арасындағы Карина Ибрагимова жуырда ғана Қытайда өткен Азия ойындарында лицензияға ие болған еді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр