«Сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне армия мен құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты» – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында армия мен құқық қорғау мекемелерінің басшыларына жауапкершілік жүктеді.

Ақорда

Астана, NEGE. «Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.

Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», - деді Мемлекет басшысы Жолдауында. 

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті