AQR: 4 банктің жағдайы мәз емес
Бүгін банк активтерін бағалау бойынша кешенді тексеру (AQR) нәтижелері жарияланып, қай банктерге өз жағдайына назар аудару керектігі айтылды. Олар ЦентрКредит, АТФБанк, Нұрбанк пен Еуразиялық банк. Бұған дейін сарапшылар топшылап келген, бірақ атын атамауды жөн көріп отырған банктерді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) төрағасының орынбасары Олег Смоляков ашық жариялады.