27 июля 2022 г. 15:05
Аптап ыстықтың беті қайтады
Синоптиктер 28, 29 және 30 шілдеге арналған ауа райы болжамын айтты.
Алматы. NEGE. "Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі метеорологиялық жағдай нашарлайды. Солтүстікте күндізгі ауа температурасы төмендейді және елдің оңтүстік жартысында ыстық бәсеңдейді", - делінген хабарламада.
Күндізгі уақытта ауа температурасы:
Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде күндіз +20 +30 градустан +15 +25 градусқа дейін;
Елдің орталығында +25 +33 градустан +18 +27 градусқа дейін;
Шығыс облыстарда аптап: +25 +35 градустан +19+29 градусқа дейін төмендейді;
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында болса, +30 +39 градустан +25 +36 градусқа дейін болады.