«Аптап ыстықта коронавирустың қауіпі жоғарылайды»

Ресейлік маман Андрей Тяжельников аптап ыстықта коронавирусты жұқтыру қауіпі артатынын және жаз маусымында ауруды емдеу қиынға соғатынын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. "Ыстық күндері ауруды жұқтырып алу қауіпі жоғарылайды, себебі бұл кезде суық тигізу жиілеп, иммунитеттің төмендеуі байқалады. Сәйкесінше, адам ағзасының вирустар мен бактерияларға қарсы тұруы қиындайды. Бұған қоса, аптап ыстық коронавирустың емделуін ауырлатады. Организм коронавирусқа тап болғанда стресске ұшырайды", - дейді дәрігер. 

Оның айтуынша, аурудан сақтану үшін барынша жедел түрде вакцина салғызу керек. Әсіресе, созылмалы аурулары бар, егде жастағы және иммунитеті нашар адамдар үшін екпе алған жөн, дейді ол. 

Бұған қоса, дәрігер оронавируспен ауырғандарға өзі отырған бөлменің ылғалдылығы мен температурасына жіті назар аудару керек дейді. Жиі-жиі тазалық жұмыстарын жасап, бөлмені желдетіп алу артық етпейді, деп қосты маман. 

Қазір оқып жатыр

Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді