Толғанай Қасымхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Толғанай Қасымхан Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында финалдық кездесуін өткізді, деп жазды

sports.kz

Алматы, NEGE. 60 келі салмақта өнер көрсететін Қасымхан финалда ресейлік Кира Леоновамен кездесті. Үшінші раундта төреші қазақстандыққа нокдаун санады. Осыған қарамастан спортшымыз 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Толғанай Қасымхан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстанға екінші «алтынды» әкелді. Бұған дейін өз салмағында Аяжан Сыдық (54 келі) турнир чемпионы атанған болатын.

Сондай-ақ бүгін Қазақстан құрамасынан 66 келі салмақтағы Айсұлу Мұхит, ертең ұлдар арасында Нұрасыл Төлебек (54 келі) ақтық сынға шығады.

Қазір оқып жатыр

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады