Apple Өзбекстанда 59,2 мың доллар салық төлеген

Apple корпорациясы I-тоқсан қорытындысы бойынша, Өзбекстанның мемлекеттік бюджетіне 59,2 мың доллар көлемінде салық төледі.

Алматы, NEGE. Елдің мемлекеттік салық қызметінің мәліметіне қарағанда, Apple Өзбекстанда қосымша құн салығын төлеуші ретінде өз еркімен тіркеуге тұрған.

Өзбекстанда 2020 жылдан бері электрондық түрде қызмет көрсететін шетелдік компанияларға қосымша құн салығын төлеу тәртібі енгізілген. Бұл ережеге сәйкес, елде электрондық қызмет көрсететін 10 шетелдік компания қосымша құн салығын төлеуі тиіс болған. Осыған дейін Google Commerce Limited компаниясы Өзбекстандағы қызметі үшін I-тоқсанда 85 000 евро салық төлегенін хабарлаған.

Бұдан бөлек сериалдар мен фильмдер көрсететін Netflix International B.V компаниясы да 4,3 мың еуро салық төлеген.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді