Apple мен Hyundai электр қуатымен жүретін көлік құрастырмақ

Американдық Apple компаниясы мен Оңтүстік Кореяның Hyundai кәсіпорыны бірігіп, электр қуатымен жүретін көлік құрастырмақ.

Алматы, NEGE. Қазір қос тарап келсіссөздер жүргізіп жатыр. Алғашқы Apple Car 2024 жылы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы кореялық басылымдар жариялады. Көлік Джорджия штатындағы «Киа моторс» зауытында жасалады. Алғашқы бір жылда 100 мың электрокар шығару жоспарланған. Кейін жылына 400 мыңға жеткізеді. Бұған дейін Apple басшылығы электрокар өндірісіне бет бұруға ниетті екенін жариялаған.

Сарапшылардың айтуынша, егер Apple көлік нарығына келсе Тесла, Toyota, Volkswagen, Ford және General Motors компанияларына үлкен бәсекелес болады. Айта кетейік, электрокар туралы ақпарат тарағаннан кейін Хюндай компаниясының акциялары бірден 20 процентке қымбаттады.

Қазір оқып жатыр

Германияда Temu мен Shein кесірінен мыңдаған адам жұмысынан айырылып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады