Apple iPhone смартфонына екі маңызды қызметті қосты

Жаңа iPhone тұтынушылары байланыс аясынан тыс жерде болса да спутник желісінің арқасында хабарлама жазып, қоңырау шала алады.

Алматы, NEGEBloomberg агенттігінің жазуынша, Apple компаниясы спутник технологиясын қолдануды 2017 жылы бастаған.

Бұл жетістік iPhone смартфонының жаңадан шығатын түрінде болады. Жаңалықты жеткізушілердің айтуынша, алайда бұл қызмет 2022 жылға дейін дайын болмауы мүмкін. Бұл жөнінде Apple компаниясының өкілдігі де қандай да бір пікір беруден бас тартты.