Apple дүкендері уақытша жабылды

Apple компаниясы коронавирус инфекциясының таралуына байланысты Калифорния штатында 53, Ұлыбританияда 16 дүкенін жапты деп хабарлайды "Прайм" агенттігі.

Алматы, NEGE. Сонымен қатар басылымның мәліметінше, компанияның Аляска, Миннесота, Небраска, Нью-Мексико, Оклахома, Орегон, Теннесси және Юта штаттарындағы бірнеше дүкендері уақытша жұмыс істемейді.

20 желтоқсаннан бастап Ұлыбританияда, сондай-ақ Мексика мен Бразилияда Apple-дің 16 дүкені уақытша жұмысын тоқтатты. 1976 жылы негізі қаланған Apple компаниясы дербес және планшетті компьютерлер, аудиоплеерлер, телефондар, "ақылды сағаттар" және бағдарламалық қамтамасыз ету өндірісімен айналысады.

Айта кетейік, Apple қауіпсіздік қызметінің басшысы Томас Мойер (Thomas Moyer) полицияға пара бермек болды деп айыпталып жатыр. Бұл әрекетімен ол компанияның бірқатар қызметкерінің заңсыз қару алып жүруіне рұқсат сұраған. Санта-Клара округі (Калифорния) прокурорының мәліметінде осылай делінген. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?