7 ноября 2023 г. 13:30

Апорт алмасы ресми түрде Қазақстан бренді болып тіркелді

Фото:

Бұл туралы ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді. 

​Алматы, NEGE. Үкімет отырысында журналистер Алматы алмасының халықаралық деңгейде қазақстандық бренд ретінде қашан тіркелетінін сұрады.

«Апорт жөнінде Қазақстанға географиялық көрсеткішті тіркегенімізді қуанышпен хабарлаймын. Оның Алматыда, Қазақстанда шыққанын географиялық тұрғыда көрсеттік. Бұл жұмыс 2023 жылдың 13 қазанында жүрді. Қазір апортты халықаралық бренд ету жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ол үшін тиісті қауымдастық Франция, Польша секілді дамыған елдерге жергілікті алмаларды экспорттау үшін материалдарды жіберіп жатырмыщ», - деді Әділет министрі.

Тегтер: