Апелляциялық сот Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы депутаттың ұлы Нұрасыл Болаттың ісін қарады. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сот депутат Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты бірінші инстанция шешімін өзгеріссіз қалдырды.

"Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы шешім шығарды: Алматы Медеу ауданы №2 аудандық сотының сотталған Болат Нұрасыл Дәулетұлына қатысты қаулысын өзгеріссіз қалдыру, сотталғанның және оның адвокаттарының жеке шағымын қанағаттандырмау. Апелляциялық қаулы жарияланған сәттен бастап заңды күшіне енеді және кассациялық тәртіпте қайта қарауға жатпайды", – деп шешімді оқыды судья Нұржан Қарабаев.

Судья Болат Нұрасылдың пробация шарттарын бұзғанын мәлімдеді.

"Бірінші инстанцияда сот оған бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған болатын, алайда ол сот үкімін орындау тәртібін бұзған", – деп түсіндірді апелляциялық инстанцияның төрағалық етуші судьясы Нұржан Қарабаев.

Қазір оқып жатыр

Ресей мен Әзірбайжан AZAL ұшағының апатына байланысты келісімге келді

Таразда оқушылар арасында жаппай төбелес болып, бір баланың көзіне зақым келді

Дубайдағы әйгілі қонақүй 1,5 жылға жабылады

Қазақстанда көлік жүргізушілері жаппай тексеріліп жатыр