Апатты жағдайда қонған тікұшақтағы құтқарушылар қаза тапты

23 ақпанда сағат 15:38-де Орал қаласынан 54 шақырым жерде, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданындағы Чапурино кентінің ашық аумағында 'Атырау-Орал-Атырау'бағыты бойынша ұшқан ТЖМ Қазавиақұтқару тікұшағы қонуға мәжбүр болған.

Алматы, NEGE. Қатты екпінмен қону нәтижесінде ТЖМ Қазавиақұтқару төрт қызметкері қаза тапты.

Бортта 6 адам - 5 экипаж мүшесі және "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 1 өкілі болды.

Экипаждың екі мүшесі зардап шекті, оларға алғашқы медициналық көмек көрсетілуде.