Апатты үйдің тұрғындары жаңа үй алды

Атырауда осы кезге дейін апатты тұрғын үйде тұрып келген 32 отбасы жаңа пәтерге ие болды.

Алматы, NEGE. Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің мәліметіне сүйенсек, былтырдан бері апатты жағдайдағы тұрғын үйлер мен жатаханалардың тұрғындарын жаңа мекенге көшіру жалғасып жатыр.

«Өткен жылы А.Құнанбаев және Ж.Досмұхамбетов көшесіндегі 2 жатақхананың тұрғындары «Береке» ықшамауданындағы жаңа үйге көшірілді. Ал, биыл 2 апатты үйдің тұрғындарына жаңа пәтерлердің кілті табысталды.

Атап айтқанда, М.Әуезов көшесінде орналасқан №22 үйдің тұрғындарына «Жұлдыз» ықшамауданындағы үйден пәтер берілді.

Ал, Достық көшесіндегі №14 үйдің тұрғындары «Береке» ықшамауданындағы жаңа мекенге көшірілді.

Енді міне, «Бірлік» ықшамауданындағы АТП-1, АТП-2 мекен-жайындағы апатты деп танылған тұрғын үйлерден 32 отбасы «Жұлдыз» ықшамауданына қоныс аударды» деп хабарлады Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылшығы бөлімінің мамандары.

Аталған бөлім мамандарының айтуынша, апатты тұрғын үйлер мен жатаханалардың тұрғындарын көшіру жалғаса береді.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Астана әуежайында 15 сәуірден бастап рейстер кестесі өзгереді