Апатқа ұшыраған индонезиялық ұшақтың қара жәшігі табылды

Индонезияда апатқа ұшыраған Sriwijaya Air ұшағының қара жәшіктері табылды, деп хабарлайды Gazeta.ru.

 Алматы, NEGE. Reuters-тің хабарлауынша, Индонезияның Ұлттық көлік қауіпсіздігі комитетінің басшысы Соерджанто Таджахоно екі қара жәшіктің орны анықталғанын айтты.

Индонезияның көлік министрі Буди Кария Сумади бұған дейін Индонезияның Sriwijaya Air әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Джакарта маңында теңізге құлағанын растаған.

Әуе компаниясының хабарлауынша, бортта барлығы 62 адам болған – жолаушылар мен экипаж. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұқаралық ақпарат құралдары хабарлағандай, лайнердің сынықтары мен адамдардың шашылған дене бөлшектері табылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?