25 декабря 2024 г. 13:14

Апатқа ұшыраған ұшақтан аман қалғандарды шығару сәтінің видеосы жарияланды

Фото: Lada.kz

Ақтау қаласының маңында "Баку-Грозный" бағытындағы Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі ұшақтан аман қалғандарды шығару сәтінің видеосы жарияланды.

Ақтау, NEGE. Ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болды. Зардап шеккендер бойынша ақпарат нақтылануда.

Апаттан аман қалған 25 адам бар, оның ішінде 22 адам ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына барлығы ТЖД, МӨСҚ, ПД-ның 150 жеке құрамы, 45 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Көлік министрлігі таратқан алдын ала ақпаратқа сәйкес, бортта 37 Әзірбайжан, 6 Қазақстан, 3 Қырғызстан, 16 РФ азаматы болған.