Апатқа ұшыраған ұшақ ішіндегі қазақстандықтардың барлығы қаза тапты

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтаудағы ұшақ апатынан тірі қалғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Ақтаудағы брифингте апатқа ұшыраған «AZAL» компаниясының ұшағына қатысты соңғы мәліметтер жария етілді.

«67 адам бортта болған, оның бесеуі экипаж мүшесі. Барлығы 38 адам қаза тапты. Марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтамын. Сағат 11:28-де ұшақпен байланыс үзіліп кеткен. Әзербайжанның 37 азаматының 14-і аман қалды, 23-і қаза тапты. Қырғызстанның 3 азаматының бәрі дін-аман. Ресейдің 16 азаматының жетеуі қаза тапты. Борттағы Қазақстанның 6 азаматының барлығы көз жұмды», - деп мәлім етті Көлік министрі Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, марқұмдардың денесін туыстары анықтау және тергеу жұмыстарынан кейін ала алады.

Қазір оқып жатыр

«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі

Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды

Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды

Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды