АӨСШК Саммиті биыл қазанда елордада өтеді

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) VI Саммиті биыл 12-13 қазанда Нұр-Сұлтанда өтеді, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Алдағы Саммитке дайындық барысы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбайдың кездесуінде пысықталды. Сондай-ақ, Қайрат Сарыбай Аға лауазымды тұлғалар комитетінің шешімдері мен АӨСШК-ке мүше мемлекеттерге сапарлардың қорытындылары туралы хабардар етіп, Кеңес шеңберіндегі алдағы іс-шаралармен таныстырды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды