Әнұранды тағы да шатастырып алды

Мексиканың Куэрнавака қаласында өткен Садриддин Ахмедов пен Стивен Даньоның кездесуі алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранын шатастырып алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Жекпе-жек алдында ұйымдастырушылар Қазақстан әнұранының орнына Канаданың гимнін қосып жіберді. 

Жекпе-жектен кейін Ахмедов ұйымдастырушыларға наразылығын білдірді.

"Иә, мұндай жағымсыз жағдай болды. Ұйымдастырушылар мен Канадада жаттығатыныма қарап, осы елдің әнұранын қойып жіберді. Әрине, бұл –ұйымдастырушылардың үлкен қателігі. Мен бұл мәселеге байланысты өз наразылығымды білдірдім. Дегенмен менің жеңісімнен кейін көптеген мексикалық Қазақстан туралы көбірек білді. Жеңіске жеттім. Үш белбеу жеңіп, туымды көтердім", - деді Ахмедов Vesti.kz порталына берген сұхбатында. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?