16 января 2020 г. 13:10
Әнуар Садықұлов – ҰҚК төрағасының орынбасары
Ақорда сайтының хабарлауынша, Әнуар Садықұлов ҰҚК төрағасының орынбасары қызметіне келді.
Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының Өкімімен Әнуар Төлеуханұлы Садықұлов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – «А» Арнаулы мақсаттағы қызметінің директоры болып тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.
Бұған дейін Әнуар Садықұлов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – «Арыстан» қызметінің бастығы, Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болды.
Еңбек жолы
1992 жылы ҚР президенті күзет қызметінің әскери қызметіне алынды. Қызметін Қазақстан президентінің жеке күзетінің әр түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарында өткерген.
2006 жылы Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – жеке күзет департаментінің бастығы болып тағайындалды.
2012 жылы Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары – президент қауіпсіздігі қызметінің бастығы лауазымына тағайындалған.
2013 жылы – Қазақстан президенті күзет қызметінің бастығы болды.
2014 жылы мемлекет басшысының өкіміне сәйкес ҚР мемлекеттік күзет қызметінің бірінші бастығы болып тағайындалды.
2014 жылғы шілдеден ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – «Арыстан»қызметінің бастығы болды.
2017 жылдың мамырында Әнуар Садықұловқа ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты атағы берілді.