Антиваксер Айна Бакеева 10 тәулікке қамауға алынды
Вакцинаға қарсы белсенді Айна Бекеева қамауға алынды.
Алматы, NEGE.. Антиваксер Айна Бакеева елорда мектептерінің бірінде болған оқиғаға байланысты қамауға алынды. Ол жерде әйел мектеп оқушыларына ата-ананың келісімінсіз вакцина салып жатыр деп жанжал шығарған
Сот вакцинацияға қарсы Айна Бакееваны 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.
"Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысы негізінде А. Бакеева ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды (Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабының 1-бөлігі) және 10 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды", - делінген қалалық соттың хабарламасында.
Қаулыны орындауды сот Шымкент қаласының полициясына жүктеді. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Айна Бакеева Нұр-Сұлтандағы №58 мектепте жанжал шығарды. Ол балаға коронавирусқа қарсы вакцина салғаннан кейін оның өзін нашар сезінгенін алға тартты.