Антикор Жетісу облысы ТЖД бастығының ұсталғаны жөніндегі ақпаратты растады
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі Жетісу облысы ТЖД бастығы Бауыржан Ізбасаровтың ұсталғаны жөніндегі ақпаратты растады.
Алматы, NEGE. "Иә, біз оның сыбайлас жемқорлық үшін ұсталғаны растаймыз. Тергеу мүддесіне сай өзге мәліметтер жария етілмейді. Толық ақпаратты сәл кейінірек хабарлаймыз", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет орталық аппараты қызметкерлерінің бірлескен іс-шарасының нәтижесінде облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Ізбасаровтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.