Антикор Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровтың қамауға алынғанын растады
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық экономика вице-министрі Ілияс Өсеровтың қамауға алынғанын растады, деп хабарлайды ҚазТАГ.
Алматы, NEGE. «Иә, ақпаратты растаймыз», - деген Антикордың баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін Өсеров аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен үйқамаққа алынғаны белгілі болған. Оның мемлекетке 819 миллион теңге залал келтіргені де айтылған еді.