«Антикор» төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев 5,5 жылға сотталды

«Антикор» төрағасының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаев алаяқтық ісі бойынша 5,5 жылға сотталды.

Алматы, NEGE. Дүйсенбі күні Шымкент қаласының соты Қожабаевты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі (алаяқтық) бойынша кінәлі деп тапты.

Бұл іс бойынша кәсіпкер Зәкір Ғұламов бес жыл бір айға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар сотталғандарға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторларда лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынады.

Еске сала кетейік, Қожабаевты Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2023 жылдың 9 қаңтарында ұстаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады

Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды

Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен

Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты