Антикор: Комплаенс-офицерлердің қызметі қандай?

Antikor Almaty және «Әділдік Жолы» ҚБ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицерлерді оқытуға қатысты

Алматы, NEGE. Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы филиалының алаңында квазимемлекеттік сектордың комплаенс-қызметтерінің қызметкерлері үшін бірқатар оқыту семинары өткізілді.

Іс-шараға Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің және «Әділдік Жолы» қоғамдық бірлестігі қалалық филиалының басшылығы қатысты.

Оқыту барысында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс офицерлері қызметінің негізгі мәселелері айтылып, жұмыс әдістемелері мен қағидаттары түсіндірілді.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының нормалары, сондай-ақ №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағыты шеңберінде жобалық басқаруды іске асыру бойынша талаптар назарына жеткізілді.

Іс-шара пікірталас, проблемалық мәселелерді талқылау, оң тәжірибені тарату арқылы өткізілді.