Антикор кәсіпкерлерді қорғау бойынша «Бизнеске жол» жобасын іске қосады

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету, деп хабарлайды Антикор.

Алматы, NEGE. Негізгі серпіліс – сөзден іске.

"Кәсіпкерлер жерді ресімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін нақты проблемаларды шешумен айналысатын боламыз. Өңірлерде бизнес өтініштерін қабылдау үшін арнайы алаңдар мен байланыс арналы жұмыс істеуде", - делінген хабарламада. 

Аумақтық департаменттердің басшылары Facebook парақшаларында хабарламаларды қабылдап жатыр. 

Сондай-ақ Антикордың Call-орталығына 1424 қысқа нөмірі бойынша хабарласуға болады.